Атырау, 22 желтоқсан 03:38
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

"Медеу" саябағының директоры ұсталды

1 577 рет қаралды

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті "Медеу" саябағының директоры Алмас Аттапхановты, оның орынбасары Алмас Айқымбаевты және ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Асқар Жанаевты ұстады.

"Кәсіпкерлік субъектісінен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін пара алу фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр", - делінген департаменттің Zakon.kz сайтына берген ресми жауабында.

Ведомствоның хабарлауынша, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер жарияланбайды.

2022 жылы желтоқсан айының соңында "Казселезащита" басшысы Кәрім Көкірекбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды.

20 қаңтар 2023, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.