Шардаралық 4 жасар Ислам Көпбай әлеуметтік желіде есепке жүйрік қасиетімен көпшілікті таңдай қақтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Казнетте тараған видео 1 күн үшінде миллиондаған қаралым жинап, жас балаға жұрттың ықыласы ауды. Ол ондықтар мен мыңдықтарды еркін алып-қоса алады. Тіпті көбейту мен бөлу амалдарын да меңгеріп алған. Егізқұм ауылының кіп-кіштентай тұрғыны қарапайым отбасында дүниеге келген.
Көпбалалы жанұяның кенжесі. Анасының айтуынша, есепке деген қызығушылығы 3 жасында байқалған. Тіпті тілі дұрыс шықпай тұрып-ақ санауды үйренген. Оның өзге бауырлары да оқуда озат екен. Ата-анасы бұл қасиет қаннан
келген деп топшалайды.
Ислам Көпбай, Егізқұм ауылының тұрғыны:
- 8 000+8 000 ше? 16 000. 16+16 ше? 32. 32 000+32 000? 64 000. 64 000-4 000? 60 000.
Гүлнар Қонарбаева, исламның анасы:
- Үлкен қыздарым сабақ оқып отырғанда өзі кітапты ашып, екі таңбалы сандарды қосып айта беретін болды. 3 жасынан бастап анықталды ғой. Телефон ойнаса да, математикалық есептер шығаратын ойындарды тартып алған. Ойынның бәрі – математика. Бізге қарағанда өзінің қызығушылығы басым. Марқұм атамыз қайтыс болып кеткен. Сол кісі математик болған
екен. Қаннан келген шығар деп ойлаймын.
В Атырау -1