Атырау, 2 қазан 23:14
 ашықВ Атырау +17
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі қайта ұзартылды

1 167 просмотра

ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», - делінген елорда сотының хабарламасында.

Еске салайық, былтыр 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Анкитор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.

Кейін еліміздің ішкі істер министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлының «суицид әрекетіне» қатысты түсініктеме берді.

Айта кетсек, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі осыған дейін де бірнеше рет ұзартылып келді.

20 қаңтар 2023, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.