Атырау, 3 қазан 01:30
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Тоқаев журналистерге қарсы жасалған қылмыстарға мұқият тергеу жүргізуді тапсырды

955 просмотра

Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдарының журналистерге қарсы бағытталған қылмыстарды тергеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс", - деп жазған ол Facebook-парақшасында.

Еске салайық, 15 қаңтарда Алматыда журналист Динара Егеубаеваның көлігін белгісіз біреулер өртеп кеткен еді. Күдіктілердің сөзінше, олар белгісіз адамнан интернет арқылы тапсырыс алған.

Ал 19 қаңтарда журналист Вадим Борейко үйіне әлдекімдер шабуыл жасап, пәтер есігіне монтаж көбігін жағып кеткен. Журналистің сөзінше, бұзақылар Вадим Борейко пәтерінің есігін көбік желіммен жауып тастаған. Борейко бұзақылар өрт қойғысы келген болуы мүмкін екенін де айтады.



20 қаңтар 2023, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.