Атырау, 23 қараша 13:53
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан кеденінде жеке «Call-center» пайда болды

1 919 просмотра
ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті «Call-center»-інің тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы кез келген адам кедендік заңнамалар саласында кеңестер алып, өз ұсыныстарын, тілектері мен ескертпелерін енгізе алады, деп жазады ortcom.kz.

«Call-center» мониторингтік орталықтың базасында жұмыс істейді, онда кедендік бақылаудың автоматтандырылған жүйесіндегі барлық мәліметтер базасы біріктірілген. Бұл жүктердің қазақстандық кеден арқылы кедергісіз өтуі үшін оперативті түрде жұмыс істеп, тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды КБК баспасөз қызметі.

Ведомство, сондай-ақ «1412» қысқа нөміріне қоңырау шалу бүкіл Қазақстан бойынша тегін екенін нақтылап өткен. «Call-center» туралы ақпарат ақпараттық қабырғалар мен өткізу пункттеріндегі және әуежайлардағы кедендік рәсімдеу орталықтарында орналастырылған.

Қазіргі кезде 20 электрондық өткізу пункті мен 30 автоматтандырылған тауар жеткізуді бақылау жүйесі, 22 уақытша сақтау қоймасы, 11 мың электрондық құрылғы, көлікті сканерлеуге арналған 23 инспекциялық-тексеру кешені, 133 автоматтандылырған радиациялық бақылау жүйесі, жүк пен қол жүгін сканерлеуге арналған 77 рентгенді-телевизиялық аппарат, жолаушыларды байланыссыз тексерудің 17 жеке жүйесі, 7 ірі ақпараттық жүйе мониторингпен қамтылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 сәуір 2013, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.