Евростаттың келтірген деректеріне сүйенсек, ақпан айында еуро аумағындағы 17 мемлекетте жұмыссыздық деңгейі 12% жетті – бұл еуро айналымға кірген 1999 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш, деп жазады ресейлік Коммерсант газеті.
Жұмыссыз жүрген 19 млн адамның қатарына қосылған 33 мың еңбеккер бір ай бұрын қызметінен босатылғандар. Еуро Одаққа мүше 27 елде 26,3 млн жұмыссыз тіркелсе, жұмыссыздың деңгейі 10,9%-ға артқан.
Испания жұмыссыздар санымен бірнші орынға шықты (26,3%), екінші орында Грекия (26,4% 2012 жылдың соңы), үшінші орында Португалия тұрақтады (17,5%), ал жұмыссыздар аз тіркелген елдер Австрия(4,8%) мен Германия (5,4%).
Дереккөз: bnews.kz