Атырау, 3 қазан 01:34
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Human Rights Watch Матаевтардың ақталуын адам құқықтары туралы Дүниежүзілік баяндамаға қосты

1 125 просмотра

Human Rights Watch халықаралық ұйымыбелгілі қазақстандық журналистер Сейтқазы және Әсет Матаевтардың ақталуын адам құқықтары туралы Дүниежүзілік баяндамаға қосты, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«19 шілдеде Жоғары сот журналистер Сейтқазы мен Әсет Матаевтарды ақтап шықты, олар 2016 жылы алаяқтық туралы күдікті іс бойынша сәйкесінше алты және бес жылға бас бостандықтарынан айырылған болатын», - делінген HRW
баяндамасында.

Сонымен қатар құжатта 2022 жылдың 12 қаңтарында ЕҚҰЫ БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейрудің БАҚ қызметіне биліктің араласуы туралы «журналистер мен БАҚ-тың басқа қызметкерлерінің қауіпсіздігін кез келген жағдайда қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдегі ғаламторға қолжетімділікті қалпына келтіруге» шақырғаны да атап өтілген.

Еске салсақ, жоғары сот Матаевтарды толығымен ақтады, ал оларға қарсы жүргізілген қылмыстық істі заңсыз деп таныды.

2022 жылдың 5 шілдесінде Өтебеков бас прокуратураның Матаевтарға қатысты әділетсіз шығарылған үкімге қарсылық енгізгенін хабарлады. 6 шілдеде жағдайға түсінік берген Өтебеков Матаевтарға қатысты істің қайта қаралуын қоғамдық-саяси жағдайдағы өзгерістермен байланыстырды. 8 шілдеде сенат пен мәжілістің бірқатар депутаттары тиісті арызға қол қоя отырып, Матаевтардың толықтай ақталуына үмітті екендері белгілі болды. 9 шілдеде Қазақстандағы медиа саласының өкілдері әділетсіз жүргізілген қылмыстық іс бойынша Матаевтардың толықтай ақталуы мүмкін екені туралы жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.

14 қаңтар 2023, 02:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.