Атырау, 23 қараша 05:12
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мас күйінде электр сымдарында өрмелеген (БЕЙНЕЖАЗБА)

1 832 просмотра

Қытайдың Линьфынь қаласында ер адам электр сымдарымен өрмелеп, тұрғындардың зәресін алды.

Жоғарғы вольтті сымдарда асылып, бір бағанадан екіншісіне қозғалған батыл жігітке тұрғындар таңдана қарады. Оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер де дереу жетіп, сақтандыру төсенішін орнатты. Қауіпсіздік мақсатында күллі шаһарда жарық сөндіріліп, оқиға орнындағы сымдар тоқтан ажыратылды. Кейіннен жердегі төсенішке құлаған тұрғынның мас екендігі анықталды. Бағына қарай, батыл жігіттің денсаулығына еш зақым келген жоқ. Алайда дәрігерлер оның қан құрамында алькогольдің өте жоғары деңгейде болғандығын айтады.

Дереккөз: 24.kz

 

2 сәуір 2013, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.