Атырау, 3 қазан 03:37
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Ақтаудағы жарылыстан зардап шеккен науқастардың жағдайы ауыр

1 162 просмотра

Ақтаудағы техникалық қызмет көрсету орталығында болған өрттен зардап шеккен 3 адамның екеуінің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарылыстан 1 әйел қайтыс болған еді. Ал, 3 адамның денесін күйік шалып, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жатқызылған еді.

«Қазіргі уақытта зардап шеккен екі науқас өте ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Ауруханаға түскен кезде жоғары деңгейлі күйіктен шок алғандығы анықталды. Екі науқасқа да өкпені жасанды желдету құрылғысы қосылған. 35 және 19 жастағы қос азаматтың да тыныс алу жолдары, беті, мойыны, аяқтың жоғары және төменгі бөліктері, сондай-ақ арқасы терең күйген. Әлі есін жиған жоқ», - деді Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының травматолог-ортопеді, комбустиолог-дәрігері Самалбек Байболұлы.

1972 жылы туған үшінші науқастың жағдайы тұрақты, беті мен аяқ-қолдарының жоғарғы бөлігі күйіп қалған. Қазіргі таңда бөлімшеде ем алып жатыр.

13 қаңтар 2023, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.