Атырау, 3 қазан 03:24
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Әлихан Смайылов Алматыдағы ЖЭО жұмысын тексереді

1 110 просмотра

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов өңірдегі жағдаймен танысу және жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылау үшін жұмыс сапарымен Алматы облысына барады, деп хабарлайды Үкіметтің Telegram-арнасы.

Атап айтқанда, Үкімет басшысы бірқатар аграрлық және өнеркәсіптік кәсіпорында болып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізеді, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы мен қалалық ЖЭО жұмысын тексереді.

Бұдан басқа, Әлихан Смайыловқа облыс орталығын одан әрі дамыту, «G4 City» жобасын іске асыру, сондай-ақ жаңа тұрғын үй салу жоспарлары ұсынылатын болады.

13 қаңтар 2023, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.