Атырау, 3 қазан 03:37
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеме жасады

905 просмотра

Кейбір телеграм-каналдарда бөлшек салығына қатысты түрлі ұсыныстар айтылып жатыр. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеме жасады, деп жазады Inbusiness.kz. 

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі бойынша нормалар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста. Бастапқыда режим пандемиядан ең көп зардап шеккен экономика секторларындағы ШОБ субъектілері үшін 2 жылға ғана енгізілген болатын.

Яғни, Салық кодексінің тиісті тарауы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізілді. Режимнің қолданылуын қоғамдық тамақтану саласы үшін тағы 2 жылға ұзарту мақсатында Салық кодексінің аталған тарауының жекелеген баптарына 2025 жылға дейін қолданыста болатын өзгерістер енгізілді.

Бүгінгі таңда Ұлттық экономика министрлігі аталған тараудың мерзімсіз қолданылуын белгілеуді, сондай-ақ салық мөлшерлемесін төмендетуді және қолдану аясын кеңейтуді көздейтін түзетулер әзірледі. Қазіргі уақытта түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен келісуде.

Қорыта келгенде, ҚР Парламентінің қарауындағы заң жобасына түзетулерді енгізу ұсынылатын болады. Нормалар қабылданғаннан кейін салық төлеушілерге 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап режимді қолдану құқығы беріледі.

13 қаңтар 2023, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.