Атырау, 23 қараша 14:05
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда келісім-шарт бойынша шекарашылардың кезектен тыс аттестациясы жарияланды

2 006 просмотра

АСТАНА, 2 сәу – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда ҰҚК Шекара қызметінің келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің кезектен тыс аттестациясы жарияланды, делінген республика президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 528 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» жарлығында. 

«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін», - делінген жарлықтың мәтінінде. 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

Дереккөз: newskaz.kz
2 сәуір 2013, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.