Атырау, 3 қазан 03:37
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Қостанайда бөгет жөндеуге бөлінген 200 млн теңгенің қомақты бөлігі ұрлануы бойынша іс қозғалды

889 просмотра

Қостанайда бөгет жөндеуге бөлінген 200 млн теңгенің қомақты бөлігі ұрлануы бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды «Наша газета».
«Өткен жылдың жазында Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бөгетті күрделі жөндеуге 200 млн теңгеге жуық бюджет қаржысы бөлінгенін хабарлаған. Осы мемлекеттік сатып алуды ұтып алу үшін Дүйсембаев пен Әміров Energy ЖШС-ті сатып алып, компанияның құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысатынын айтқан. ЖШС Дүйсембаевтың атына тіркеліпті. Алынған бюджет қаржысының бірнеше ондаған миллионы ұрланған. Әміров күрделі жөндеу жұмыстары іс жүзінде орындалмағанын және объект жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтінін біле тұра, бөгетті пайдалануға қабылдау актілеріне қол қойған. Нәтижесінде бөгет 2021 жылы алғашқы көктемгі су тасқынына төтеп бере алмады»,- деп хабарлайды басылым.
12 қаңтарда сот өтті. Сотталушылар орындығында – Жангелді ауданының ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы Талғат Әміров, Energy Constrution-2020 ЖШС директоры Берік Дүйсембаев және "Курылыста Экспертиза" ЖШС сарапшысы Ғабит Алин бар.

13 қаңтар 2023, 09:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.