Атырау, 25 қараша 14:18
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кадрлар мәселесі реттелді

2 482 просмотра

28 наурызда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібінде 26 наурызда күшіне енген мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы өзгерістер шеңберінде кадрлар комиссиясын құру туралы бір мәселе қаралды.

Естеріңізге салсақ, енді мемлекеттік қызметкерлер үш санатқа бөлінетін болады: саяси, әкімшілік «А» және «Б» корпустары.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасының бастығы, Тәртіптік кеңес төрағасы Мұхит ІЗБАНОВТЫҢ айтуынша, біздің облыста 7 адам саяси мемлекеттік қызметкерлер боп табылады екен: облыс әкімі, оның 5 орынбасары мен Атырау қаласының әкімі (облыс орталығының мэрі лауазымы бұл санатқа кейінірек енгізілді). Әкімшілік «А» корпусына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық департаменттердің басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кіреді.

«А» корпусының кадрлық резерві ҚР Президенті жанындағы Кадрлық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімінің негізінде құрылады. Жергілікті орындарда мұнымен облыстық комиссиялар айналысады. Ізбановтың баяндамасынан кейін депутаттар Атырау облысының кадрлар комиссиясына 5 адамды сайлады: облыс әкімі (комиссия төрағасы), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басқармасының бастығы – Тәртіптік кеңес төрағасы (комиссия төрағасының орынбасары), облыс әкімі аппаратының жетекшісі, облыстық мәcлихаттың хатшысы мен облыстық тексеру комиссиясының төрағасы. Кадрлар комиссиясының жұмысшы органы - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқармасы боп табылады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

2 сәуір 2013, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.