Атырау, 3 қазан 03:33
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Жоғарғы соттың бірнеше судьясы қызметінен босатылды

708 просмотра

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар ел Президентінің Жоғарғы Соттың үш судьясын басқа жұмысқа ауысуына байланысты босату туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын қызметтен босату туралы ұсынысты Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Денис Шипп оқыды.

"Жоғарғы Соттың судьялары - Салия Вячеслав Васильевичті, Ескендіров Асанды және Қадырбаева Айгүлді басқа қызметке тағайындалуларына байланысты қызметінен босату туралы» Мемлекет басшысының ұсыныстары назарларыңызға ұсынылды."Денис Шипп

Ол Вячеслав Салия Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен Қостанай облыстық сотының төрағасы болып, ал Парламент Сенатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы қаулыларымен Асан Ескендіров пен Айгүл Қыдырбаева ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Конституциялық сот судьясы болып тағайындалғанын түсіндірді. 

"Мемлекет басшысының Салия, Ескендіров және Қадырбаеваны басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьялары қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауыңызды сұраймын".Денис Шинн

Талқылау нәтижесінде депутаттар президенттің ұсынысын бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, 29 желтоқсанда Эльвира Әзімова Конституциялық соттың төрағасы болып тағайындалған болатын.

12 қаңтар 2023, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.