Атырау, 23 қараша 13:39
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жемқорлар мемлекеттік сатып алу саласында мемлекетке 5 жылда 7 млрд теңгеден астам шығын келтірді

2 903 просмотра

АСТАНА, 2 сәу – Қазақстан жаңалықтары АА.  Жемқорлар мемлекеттік сатып алу саласында мемлекетке бес жылда (2008 және 2012 жылдар аралығында) 7 млрд теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлады Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

«Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулар жүйесі сыбайлас жемқорлық белең алған салалардың бірі болып табылады. 2008-2012 қаржы полициясы мемлекеттік сатып алулар саласындағы 1800-ге тарта сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтады, мемлекетке 7 млрд теңгеден астам шығын келтірді», - деді Жұманбай баспасөз конференциясында. 

Сонымен қатар, ресми өкілдің сөзіне қарағанда, 2012 жылы мемлекеттік сатып алулар саласында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 78%-ын әкімдіктер мен оларға қарасыт құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері жасаған, оның ішінде әкімдер мен әкім орынбасарлары бар. 

«Мемлекеттік сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлыққа жүргізілген мониторинг 2012 жылы ең көп қылмыс құрылыс (113 қылмыс) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (46 қылмыс) саласында тіркелгенін көрсетуде»,- деп түсіндірді Жұманбай.

Дереккөз: newskaz.kz

2 сәуір 2013, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.