Атырау, 3 қазан 03:37
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

"Болашақ" халықаралық стипендиясына құжат тапсыру басталды

617 просмотра

2023 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжат қабылдау төрт кезеңнен тұрады. Алғашқысы 27 қаңтарға дейін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші кезең – 3 сәуір мен 28 сәуір аралығы. Одан кейінгі кезеңдер 5 маусым мен 7 шілдеде және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Конкурстық іріктеу 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтінішті Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы беруге болады.

"Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді. Ұсынылатын ЖОО-лар тізімі әлемнің 27 елінен 236 университетті қамтиды. Басым мамандықтар тізбесіне 262 мамандық кірді", - делінген Халықаралық бағдарламалар орталығының хабарламасында.

Сонымен қатар медицина қызметкерлері үшін жеңілдік санаты енгізілді. Квоталық санаттардың тегін тіл дайындығынан өту мүмкіндігі бар. Сонымен қатар олар құжат тапсырған кезде шетелдік ЖОО-ға өз бетімен түсуге міндетті емес. Олар оқу орнын стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында оқуға ұсынылатын ЖОО-лар тізімінен таңдай алады.

Жетекші шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатыса алады. Оларға жеңілдігі бар кандидаттар жатпайды.

11 қаңтар 2023, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.