Атырау, 22 желтоқсан 00:50
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Биыл 600 мыңға жуық бухгалтер, заңгер, орманшы мен кітапханашының айлығы 20% өседі

798 рет қаралды

2023 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% өседі, деп хабарлайды
ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% кезең-кезеңімен арттыру жалғасады.

Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.

Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды.

11 қаңтар 2023, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.