Атырау, 26 қыркүйек 17:28
 ашықВ Атырау +21
$ 473.98
€ 504.03
₽ 4.93

Наурыз Сириядағы қақтығыстың қанды айына айналды: 6 мыңдай адам өлген

1 501 просмотра

Сириядағы жағдайды бақылайтын Британдық топ өткен наурыз айында 6005 адам өлтірілді деп мәлімдейді, деп жазады isra.com сайты. 

Бұл – қақтығыс кезіндегі ең көп адам шығыны тіркелген ай. Билік әскері мен оппозиция күштерінің шығыны бірдей болып отыр: сәйкесінше 1464 және 1 486. Қалғаны – бейбіт тұрғындар: олардың 291-і әйелдер де 298-і балалар.

Сириядағы Асадтың билігіне қарсы күрес кезінде жалпы 70 мыңдай адам қаза тапқан. Бұл уақытта оппозиция күштері бөлшектеніп, әр топ өз бетінше әрекеттенуде. Көтерілісшілердің ішінде экстремисттік бағыттағылардың саны артып барады.

Дереккөз: bnews.kz

2 сәуір 2013, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.