Атырау, 3 қазан 03:29
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

"Халыққа оқ атқысы келмеген​": Күдебаев сотталғалы жатыр

870 просмотра

Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған Алматы облысы ПД бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың адвокаттары соттан істі тоқтатуды сұрап өтініш жолдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаңтар оқиғасы кезінде қызмет орнын тастап кеткен Серік Күдебаевтың адвокаттары соттан істі тоқтатуды және генерал-майорды қызметіне қайтаруды сұрап өтініш түсірді. Адвокаттардың айтуынша, Күдебаев бейбіт халыққа оқ атқысы келмегендіктен осындай қадамға баруға мәжбүр болған.

"Серік Күдебаев Талдықорғандағы митинг кезінде қатты жарақат алды. Оның басына тас тиіп, қансырады. Бірақ соған қарамастан ол халыққа оқ атқысы келген жоқ. Сондықтан осындай шешімге келді. Егер ол атуға бұйрық бергенде кемінде 300 адам қаза табуышы еді. Сізден осы қылмыстық істі тоқтатуыңызды сұраймыз. Өйткені Күдебаев өз қызметін адал атқарған адам", — деді ПД бұрынғы басшысының адвокаттары.

Айта кетейік, Серік Күдебаев ҚК 370 бабы 4-бөлігі 1-тармағы (Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк) бойынша айыпты деп танылып отыр. Ол 2020 жылдан 2022 жылға дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып жұмыс істеген.

10 қаңтар 2023, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.