Атырау, 3 қазан 05:19
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Блогер Тоқберген Әбиев ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды

1 385 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тоқерген Әбиевті кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, "Әбиев өзінің Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған". 

Сондай-ақ 14 желтоқсанда Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынғаны жазылды.

"Бұдан басқа, Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті" ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталды. Өзін осы ұйымның басшысымын деп таныстыра отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап етті".

9 қаңтар 2023, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.