Атырау, 3 қазан 05:16
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Қаржылық мониторинг агенттігі Қоспаевтың жақтастарын табуға көмектескендерге сыйақы берілетінін хабарлады

763 просмотра

Қаржылық мониторинг агенттігі Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне іздеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік өкілдері Елдос пен Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов тергеуден жасырынып жүргенін мәлімдеді.


"Еске сала кетейік, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы күш қолдану және қорқыту арқылы алматылық кәсіпкерлердің мүлкін, серіктестіктердегі үлестерін тартып алып, көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысқан". ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомсвто өкілдерінің хабарлауынша, рейдерлік шабуылдар бойынша сотқа дейінгі тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жұмысы әлі жүріп жатыр.

Іздеудегі адамдардың көрген-білгендер болса, Қаржылық мониторинг агенттігі мына сенім телефонына хабарласуды сұрайды:

8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56

Агенттік ақпарат берген адамдарға сыйақы қарастырылғанын мәлім етті.

9 қаңтар 2023, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.