Атырау, 4 маусым 01:56
 дождьВ Атырау +18.7
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

ШҚО-да кен орнындағы өрт салдарынан 450-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

2 319 рет қаралды

АСТАНА, 2 сәу -Қазақстан жаңалықтары АА. Шығыс Қазақстан облысында 450-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлайды ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, дүйсенбіде Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер-Сокольный кен орнында пайдаланылған ағаш тіреулерден өрт шықты.

«Өрт сөндіру жұмыстарына ҚР ТЖМ «ӘТҚЖ» ММ-ның жеке құрамынан 31 адам және 5 дана техника жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

443 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз: newskaz.kz

 

2 сәуір 2013, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.