Нұржан Қарабалин.Ақтөбеде еркін күрестен еліміздің он дүркін, КСРО мен әлем чемпионы Нұржан Қарабалин соққыға жығылды. Палуан өзін полицейлер сабағанын айтып отыр. Мұны естіген оның әріптестері тәртіп сақшыларын жазалауды талап етуде. Әйтсе де осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізген Ішкі істер департаменітінің басшылары қарамағындағылардың сүттен ақ, судан таза екендіктерін айтып ақталды.
Он жасынан бастапкүреспен айналысқан Нұржан Қарабалинді еліміз тұрмақ, өз салмағындағы әлемнің мықты палуандары боз кілемде жамбасын жерге тигізе алмаған. Қазір облыстық құрамада жастарды күреске баптап жүрген ол бір апта бұрын өзі соққыға жығылды. Миы шайқалып, басында қан ұйыған жігіт ағасы ауруханада есін әрең жиыпты. Әлем чемпионының айтуынша, оны осындай халге тәртіп сақшылары жеткізген.
Нұржан Қарабалин, Еркін күрестен әлем чемпионы:
- Ана іште отырған жігіт жаңағы майор енді кіргізгені есімде жоқ шын айтам. Ұрды жаман басып қалды ішімнен. Не үшін ұрғанын. Баспен келді де жарға ұрды бәрі. Содан дым білмеймін есімді жоғалтып алдым.
Әріптестерін полиция қызметкерлері соққыға жықты дегенді естіген спортшылар мен жаттықтырушылар еліміздің түкпір-түкпірінен Ақтөбеге жиналып, бүгін оған қолдау білдірді. Олар кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр. Лондонда қола жүлдегер атанған Ақжүрек Таңатаровтың бапкері Бауыржан Нұрмұқанов та бұл масқараға тыныш қарап отыра алмаған.
Бауыржан Нұрмұқанов, Күрестен ұлттық құраманың жаттықтырушысы:
- Басқа елдер де жануарларды да қорғайды. Жануарларды өлтірер алдында емтихан тапсырады. Балықтың өзін қорғайды. Балық аулағанда сөйтеді. Енді бізде қандай жағдай. Бауырымызды сабап тастады. Ол не деген масқара?
Осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізген Ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасындағылар тәртіп сақшыларының ешқандайда кінәсі жоқ деп шешкен. Ол үшін Нұржан Қарабалинді мас күйінде көшеден ұстаған сәттегі таспаны айғақ ретінде алға тартты.
Дыбысты көрініс:
-Бетіңізге не болды?
-Бір жігіттер
-бәрі жабылды ма?
Жабылды
Демеу Сапаров, Ақтөбе облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы:
- Ол азаматтың полиция бөліміне жеткенге дейін дене жарақаты бар. Оған қатысты сол прокурор бөлімінен келген қызметкерлер де сол азаматтың соңғы жағдайда өзінің мас күйіндегі полиция қызметкерлерін балағаттап, сондай қарсылық білдіріп сондай жағымсыз қылықтарының куәсі болды.
Спорт жанашылары әйгілі жаттықтырушының мұндай халге жетуіне жергілікті басшыларды кінәлады. Себебі, өңірдегі спортқа жауаптылар әлі күнге жеке бастың қамын күйттеуден әріге аса алмай жүр деп ашынды олар.
Нұржан Қарабалинді қолдауға жиналғандар спортшылар мен жаттықтырушылардың құқығын қорғайтын одақ құру туралы шешімге келіп тарқасты. Олар осы ұйым арқылы биліктен өңірдегі спорт мектептеріне көңіл бөлуді, өздерінің әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғалуын талап етпекші.
Дереккөз: ktk.kz