Атырау, 3 қазан 05:21
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Алаяқтық үшін сотталған бұрынғы әкім бостандыққа шықты

1 414 просмотра

Ақтөбеде былтыр қазан айында алаяқтық үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылған Алматы ауданының бұрынғы әкімі Абат Көбенов бостандыққа шықты, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

Былтыр қазан айында Алматы ауданының экс-әкімі Абат Көбенов үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол қалалық әкімдіктің аппаратын басқарып жүргенде танысына жер учаскесін алып беремін деп, 1 миллион 383 мың теңге алған.

Шенеунік алаяқтық үшін сотталды. Ал облыстық соттың апелляция алқасы жазаны ауыстыруға болады деген шешімге келді. Оған бас бостандығынан айыру жазасының орнына 13 миллиион 839 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Облыстық соттың мамандары шенеуніктің жазасы не себепті жеңілдетілгенін түсіндірді.

"Ол апелляциялық инстанцияда жазаны жеңілдетуді сұрады. Жәбірленушінің шығынын өтеп бергенін және денсаулық жағдайын айтты. Үш бала тәрбиелейді, егде жастағы анасы да бар. Сот барлық материалды, сондай-ақ, прокурордың қорытындысын зерделеп, ұрланған мүліктің 10 еселенген көлеміндегі айыппұл салуға шешім қабылдады. Оған қоса, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды", - дейді сот қызметкерлері.

Абат Көбенов 2022 жылы ақпан мен қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды. Оған дейін қалалық әкімдіктің аппаратына жетекшілік етті.

6 қаңтар 2023, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.