Атырау, 3 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Павлодарда Нұрлан Мәсімовтің соты болып жатыр

1 043 просмотра

6 қаңтарда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Павлодар облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов ісіне қатысты алдын ала сот отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта Нұрлан Мәсімовтың, Дамир Сиразидимов пен Евгений Евковичтің ісі қаралды.

"Н.М.Мәсімов пен Д.Ш.Сиразидимовке Қылмыстық-процестік кодекстің 11-бабының 5-бөлігіне сәйкес аса ауыр санаттағы қылмыстарды жасағады деген айып тағылды".Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы

Нұрлан Мәсімовке ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігінде ("Пара алу"), 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"), 392-бабының 1-бөлігінде ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту") көзделген айыптар тағылды. Дамир Сиразидимов те ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпталып жатыр.

2022 жылғы 22 сәуірде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол іздеуде жүргендердің тізіміне енді.

13 шілдеде Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының аумағында жалған құжат арқылы Ресеймен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған жерінде ұсталды.


6 қаңтар 2023, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.