Фото дереккөзі: atamekenunion.kz 2013 жылдың бюджеті нақтыланар кезде, биыл агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінетін қаржы 41,1 млрд теңгеге артады деп жоспарланған. Оның ішінде 17,6 млрд теңге субсидиялауға бағытталмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 2013 жылдың бюджеті нақтыланар кезде осы салаға бөлінетін қаржыны 41,1 млрд теңгеге арттыру көзделген. Оның ішінде 17,6 млрд теңге субсидиялауға арналған»,- деді министр.
Алайда Асылжан Мамытбековтің айтқанына қарағанда, бұл ақша өңірлерге тек маусым айында жетеді.
«Бұл ақша өңірлерге маусым айынан кешіктірілмей жетеді. Бірақ, субсидия алатындардың тізімі бекітілмей тұрып мәселені нақтылап алу керек. Сондықтан, Серік Нығметұлы, бізді қолдап, осы қаржының бөлінетіндігін нақтылап, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұл қаржыны бөліп, облыстарға беруі үшін тиісті тасырма беруіңізді сұраймын»,- деді А.Мамытбеков.
Дереккөз: bnews.kz