Атырау, 3 қазан 05:18
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Пәтерді ыстық су басып, үш әйел қаза болды

1 614 просмотра

Көкшетауда полицейлер ыстық су басқан пәтерден үш әйелдің мәйітін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 қаңтарда сағат 04:44-те Көкшетау Полиция басқармасына үйлердің бірінде жылыту жүйесі жарылғаны туралы түскен хабарлама бойынша мамандар оқиға орнына барған. Осылайша, пәтерде жылу құбыры жарылғаны анықталған. Соның салдарынан пәтерді ыстық су басқан. Пәтер ішінен құлыпталып қалған. ТЖД қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізген.

Тексеріс барысында полицейлер 50, 56 және 59 жастағы үш әйелдің денесін тапқан. Олар - үй иесі және оның екі құрбысы. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдердің өліміне күйік себеп болған.

Бұл дерек соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

6 қаңтар 2023, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.