Атырау, 3 қазан 05:28
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Қазақстандағы ең ірі екі СЭС кімнің меншігіне берілетіні белгілі болды

1 053 просмотра

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстандағы екі су электр станциясы мемлекет меншігінен "Самұрық-Қазына" қорының меншігіне бірнеше шарт бойынша беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz үкімет қаулысына сілтеме жасап.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акцияларының төлемі ретінде "СЭС Өскемен АЭС" ЖШС және "АЭС Шүлбі СЭС" ЖШС-дегі мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті саланың уәкілетті органының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген салалық оң қорытындысы болған жағдайда беру", - делінген қаулыда.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, сондай-ақ Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Осыған байланысты үкіметтің шешімдеріне бірнеше өзгерістер енгізу қажет болатыны атап өтілді.

6 қаңтар 2023, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.