Атырау, 23 қараша 05:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина және Ресей президенттері өз табыстарын жариялады

1 780 просмотра

2012 жылы Украина президенті Виктор Януковичтің жалақысы шамамен 100 мың долларды құрады. Бұл 2011 жылғы көрсеткішпен сәйкес. Бұл ақпарат Украина басшысының жариялаған мүлік, табыс, шығыс және қаржылық сипаттағы міндеттемелер туралы декларациясынан белгілі болды, деп хабарлады РБК.

«Декларацияға сәйкес, 2012 жылы Украина президенті 774 мың 877 гривен (97 мың доллар) жалақы алды. Қаржы мекемелерінен берілетін банк салымдары бойынша пайыздар 508 мың долларды құрады», - делінген ақпаратта.

Жылжымайтын мүліктен президентке Киев облысы бойынша аумағы 1,77 га жететін жер учаскесі тиесілі. Жер учаскесінде аумағы 619,6 шаршы метрге жететін тұрғын үй орналасқан. Киевте аумағы 239,4 шаршы метрге жететін пәтері мен жалпы аумағы 39,9 шаршы метрді құрайтын екі көлік қоятын орны бар.

2012 жылы президент 930 мың долларды қайырымдылыққа жұмсады.

Ал Дмитрий Медведев Ресей президенті ретінде 2011 жылы 3 млн 371 мың рубль (108 мың доллар) жалақы алды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Бір жыл бұрын Медведев РФ-да аумағында 4,7 мың шаршы метр жер учаскесін жалға алған. Сондай-ақ, РФ-да жұбайы екеуінде аумағы 367,8 шаршы метрге жететін пәтері, жалпы сомасы 5 млн 178 мың рубль сомасына (166 мың доллар) банктерде 15 шоты болған. Былтырғы жылғы декларацияда 1948 жылы шыққан «Победа» автокөлігі мен 1962 жылы шыққан «Волга» ГАЗ-21 автокөлігі болған.

2011 жылы премьер-министр болған Владимир Путиннің табысы 3,6 млн рубльді (116 мың доллар) құрады. Былтыр Путин оның Петербургте аумағы 77 шаршы метрге жететін пәтері мен Мәскеу облысында аумағы 1,5 мың шаршы метрге жететін жер учаскесінің және үш отандық автокөлік (екі «Газ» және Lada) пен автокөлік тіркемесінің бар екендігін хабарлаған болатын.

Дереккөз: bnews.kz

2 сәуір 2013, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.