Атырау, 3 қазан 05:16
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Бас прокурор: Дикий Арманға ҰҚК кураторы тапсырма беріп отырған

1 133 просмотра

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасына дайындық 2021 жылы бір жыл бойы жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бір жыл бойы тапсырманы орындаушылар радикал шаралар қолдануға жасырын дайындалумен болған.

"Қылмыскерлердің арасында ұйымдасқан қылмыстық топтар да бар. Олар адам жинап, қаруланып, рация мен көлік сатып алған. Тергеу бұл диверсиялық жұмысты белгілі бір күш құрылымдарының қадағалағанын анықтады", – деді ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәжілістің жалпы отырысында.

Бас прокурор тергеу версиясы бойынша, Алматыда Жұмагелдиев (лақап аты Дикий Арман) ерекше рөл атқарғанын атап өтті. Оның сөзінше, Жұмагелдиевтің әрекетін ҰҚК-дегі кураторы үйлестірген.

"Ол тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, адамдар тобын басқаруды өз қолына алып, билікке бұлтартпас талап қою үшін "халық кеңесі" дегенді құруы тиіс болған. Оған Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты, сондай-ақ қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов көмектескен, ол Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйіне келуші бандиттерді қаруландырған. Алайда олар жаппай наразылықты басқара алмады. Халық оларға ермеген". 

5 қаңтар 2023, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.