Атырау, 3 қараша 10:06
 дождьВ Атырау +6.7
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Дәурен Абаев министр қызметінен босатылды

1 569 рет қаралды

Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.

Оның орнына Асхат Оралов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.


4 қаңтар 2023, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.