ЖЫЛ МИТИНГІСІ
Митингіге шыққан жаңаөзендіктерден кейін Атырау тұрғындарының Исатай мен Махамбет алаңына шыққаны бәріміздің есімізде. Мұның бәрі көлікке арналған сұйытылған газ бағасының көтерілуінен басталды. Келесі күні әлеуметтік желіде адамдардың көптеп жиналып, қала орталығына қарай бет алғаны туралы бірнеше видео пайда болды. Мессенджерлерде жаяулатып кетіп бара жатқан адамдардың көп екені айтылған хабарламалар тарады... Одан әрі не болғанын еске түсіргіміз келмейді: «әкімдікті басып алу», атыс, «Динамодағы» азаптау, бүлінген тағдырлар, үзілген өмірлер... Біреулер үшін бүлік, біреулер үшін әділ наразылық болды. Қалай болғанда да, Атыраудағы және Қазақстанның басқа қалаларында болған сол күндердегі оқиғалар тарихты өзгертті, оны қалай түсінесіз, өз еркіңізде.
ЖЫЛ СОТЫ
Әрине, бұл облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс. Эпопея сонау 2020 жылы бір қарағанда елеусіз оқиғадан – Атырауда Абай ескерткішін орнату шешімінен басталды. Тергеу мен соттың жорамалы бойынша, шенеунік келісімшарт бойынша 4,5 миллион теңгені жымқыруды ұйғарған. Бұған Хаменованың бұған дейін сол кезде билікте болған Нұрсұлтан Назарбаевқа деген сүйіспеншілігін «жеткізуі» де қосылып кетті.
Сот процесі 2021 жылдың желтоқсанында басталып, қараша айында аяқталды: Хаменова кішкентай балаларының болуына байланысты жазасын 3 жыл кейін өтеу шартымен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайластары да жаза алды. Айта кетейік, бұл істің соңы емес – сотталушы жоғары сатыдағы соттарға үкімге қатысты наразылық білдіруде.
...«Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі...» деген еді бір кездері Абай Құнанбаев. Осы үшін кешір бізді, Абай ата.
ЖЫЛ ЖОЛДАРЫ
Жылы маусым бойы Атырау қаласы мен қала маңындағы тұрғындар ойқы-шойқы айналма жолдармен жүрді, өйткені тағы да ауқымды жол салу науқаны басталды. Әрине, бұл жақсы әрі қажет нәрсе ғой, біздің облыс ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің орынды ескертпесі бойынша республикада жол төсемінің сапасы бойынша ең төменгі орында тұрғанымыз бекер емес. Әйтсе де, осындай қуатты жобаны қолға алып, миллиондаған бюджет қаражатын игерген жол салушылар халықтың наразылығын сезініп, күш-қуаттың, материалдың, техниканың жетіспейтінін мойындады. Бұған ар-ожданды қосыңыз... Әйтеуір орталық жолдарды, ал күн суыта бастағанда шеткі жолдарды жөндеп бітірді, бірақ толық емес. Сондықтан жалғасы бар.
ЖЫЛ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ
Ер адамдар ғажайыппен аман қалған балалар деседі. Айтса айтқандай, жүрген жерлері шытырман оқиғаларға толы. Маңайынан Атырау қаласының 8 жасар тұрғыны Дінмұхаммед Жаңбырбай секілді кішкентай болса да, ержүрек жандар табылса, қандай жақсы. 9 және 12 жастағы достарының әлі қата қоймаған мұз астына түсіп кеткенін көріп, көмектесуге жүгіріп, оларды ойылған мұздан шығарып алды. Жертөледегі бояу иісіне уланған бір отбасының үш мүшесін ажал аузынан аман алып қалған Сарытоғай ауылының тұрғындары Төребек Құмаров пен Ардақ Ожыраевты да еске сала кетейік. Суық өзенге секіріп 2 жасар қызды аман алып қалған Мұрат Қамзин туралы да, Жайыққа батып бара жатқан 5 жасар баланы құтқарған 16 жастағы байдаркашы Евгений Русаков туралы айтпасқа болмайды.
...Негізі мұндай батырлар көп, газетке көпшілігі жариялана бермейді. Бірақ біз әрқашан басқа біреудің өмірін құтқару үшін өз өмірін қатерге тігуге дайын адамдарға үлкен құрметпен қараймыз. Әлем осымен мықты, солай емес пе?
ЖЫЛ КЕЛІСПЕУШІЛІГІ
Атырау жұртшылығы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар тарифтік жоспарла құнын көтеруді жоспарлап отырған «Қазақтелеком» АҚ-ның тактикасына тойтарыс беруге тырысты. Заңдар мен абоненттердің тұтынушылық құқықтарын бұзғанына қарамастан, «Телеком» өз мүдделерін алға тартып, адамдарды сапасыз интернет үшін көбірек төлеуге, өз талабын үнсіз орындауға мәжбүрлеуде. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, «батыстықтардың», әсіресе олардың айтары бар кезде, үндемеуі өте қиын.
ЖЫЛ КОНЦЕРТІ
27 тамызда Исатай мен Махамбет алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Openair концерті өтті, оған 10 мыңға жуық адам жиналды. Атыраулық көрермен үшін дыбыстың, жарықтың, музыка мен бидің молдығы шын мәнінде керемет болды. Мұндай қойылымдар жиі болса ғой, бізге қатты ұнады.
ЖЫЛ ТАЛҚЫСЫ
Атырауда қазан айында қоқыс шығару тарифін көтеруге қатысты қызу қоғамдық пікірталас туды. Бұл пікірталас жұртшылық арасында әлі басылған жоқ. Коммуналдық қызмет көрсетушілер бізде тарифті орташа есеппен бір адамға 206 теңгеден екенін, көптеген облыстармен салыстырғанда әлдеқайда төмен екенін айтып, бұл көрсеткішті 594 теңгеге дейін көтеруді ұсынып отыр. Бұл сомаға сұрыптау, жинау және жою кіреді. Жұртшылық, әрине, мұнымен келіспейді.
ЖЫЛ ҚАЛПАҒЫ
Оқиға қазан айының ортасында болған: кешке жағалауда полиция патрулі гитара сүйемелдеуімен ән айтып жатқан жастарға көзі түседі. Олар Ресейден келген Владислав Подгорный мен Никита Евсеев екен. Олардың бөгде қалаға келуіне не себеп болғанын білесіз бе: дұрыс, олар адекватты емес жандар бастаған қырғында зеңбіректің жеміне айналғысы келмеді. Бірақ бұл жерде өз әдет-ғұрпымыз бар, гитарада ойнап, ақша салатын қалпағын қойған жастар шынымен де көзге үйреншікті емес. Біршама процессуалдық нормаларды бұзып, көше музыканттарын ҚР Әкімшілік кодексінің 449-бабы («Қоғамдық орындарда тиісу») бойынша рәсімдеген полиция қызметкерлері де өз деңгейінде осыны ойласа керек. Кейіннен сот тәртіп сақшыларының әрекетін заңсыз деп тапты: бірақ, «қоғамдық жерде» әлгі атышулы қалпақты қойып, кәсіби түрде ән айтуға бола ма?» деген сұраққа, өкінішке орай, жауап бермеді.
ЖЫЛ ЖОРЫҒЫ
Қыркүйек айы қаламызды мекендеушілер санының күрт көбеюімен есте қалды. Атыраулықтар мобилизациядан қашқан ресейліктерді қызығушылықпен тамашалады: абдыраған және жергілікті тұрғындардан анық ерекшеленген олар жанашырлық пен қол ұшын беру сезімін оятты. Қалай болғанда да, такси жүргізушілері бірінші болып әрекет етіп, бағаны шарықтатып жіберді. Олардан кейін жалға берушілер де солай етті. Жұмыс берушілер де өз фирмаларына әртүрлі саладағы жоғары білікті мамандарды тартып, белсенділік танытты. Жалпы, атыраулықтар қатал көрінгенмен, ниеті дұрыс адамдар: олардың көпшілігі балалы отбасыларды өз үйлері мен пәтерлеріне орналастырды, басқалары қағазбастылық және басқа да ұсақ-түйек тұрмыстық мәселелер бойынша тегін кеңес берді. Кейін белгілі болғандай, біздің қала келушілер үшін транзиттік қала болған! Олар Қазақстанның бірде-бір қаласынан мұндай қонақжайлықты, мейірімділік пен ілтипатты көрмеген екен. Әрине. Біз сондаймыз.
ЖЫЛ ТАРТУЫ
Құрманғазы аудандық мәслихаты депутатының зейнеткерлікке шығуы сән-салтанатпен өтті. Экс-шенеунікке сәйгүлікті сыйға тартты. Иә, ат мінгізгені ештеңе емес-ау, бірақ ҚР мемлекеттік туының элементтерінен тігілген жабу көпшіліктің наразылығын тудырды. Депутат жақсы болған шығар, бірақ тарту етушілер желі қолданушыларының мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасын ескермегені анық (кейде мұндайдың не керегі бар, диваннан тұрып, бірдеңе жасаған дұрыс шығар деп ойлайсың. Әзіл.).
Бірде Атырауда көлік капотына мемлекеттік туды іліп қойған жүргізуші жазаға тартылғаны есімде. Сол кезде оған ӘҚБтК-нің 458-бабының бірінші бөлігі бойынша, атап айтқанда, республиканың мемлекеттік туын заңсыз пайдаланғаны үшін – 72 925 теңге (сол кездегі шамамен 170 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынды. Ал депутат пен оған сыйлық тарту еткендер жазаланбады, қанша дегенмен бұл да мереке ғой.
Дайындаған Анастасия ШЕРСТЯНКИНА