Атырау, 23 қараша 12:48
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Арал балықшылары мұз құрсауынан құтқарылды

6 897 просмотра
ҚЫЗЫЛОРДА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген ауылдық округінің 3 тұрғыны: Айгелді Төлепов,  Жұман Піркешов  және Болат Пірмағанбетовтер Кіші Арал теңізінің Шағалалы учаскесінде теңіз ортасында «каюталы» қайықпен балық аулауға шығып, мұз құрсауында қалып қойғандығы жөнінде Арал ауданы әкімі М.Жайымбетовке хабар түскен. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл тобы ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8  тікұшағымен балықшыларды құтқаруға Қызылорда қаласы әуежайынан кеше 11 сағат 10 минутта ұшқан.  . Ашық теңізде қалып қойған 3 балықшыны 31 наурызда 14 сағат 15 минутта Қызылорда облысы ТЖД шұғыл тобы құтқарушылары ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8  тікұшағының көмегімен құтқарды. Қазіргі уақытта  балықшылардың жағдайлары тәуір.

Дереккөз: inform.kz

1 сәуір 2013, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.