Атырау, 3 қазан 07:37
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Министрлік қазақстандықтарға мерекеде электр энергиясын үнемдеуге кеңес берді

1 496 просмотра

Энергетика министрі Болат Ақшолақовеліміздің энергетикалық жүйесінде тапшылық болып жатқанын айтып, қазақстандықтарға мереке күндері электр энергиясын үнемдеп тұтынуды кеңес етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрінің айтуынша, қазақстандық энергетика жүйесіндегі тапшылық Ресейден келетін ағынмен байланысты, кешкі және таңғы уақытта көп пайдаланғаннан болады.

"Бірнеше күн мереке және демалыс болған кезде электр энергиясын пайдалану артады. Сондықтан электр құрылғыларына абай болу ұсынылады. Ақылға қонымды тұтыну керек. Кейбір электр құрылғыларын қосулы күйінде қалдырудың қажеті жоқ болса, өшірген дұрыс".Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Бұл ретте ол Қазақстанның энергетика жүйесі максималды тұтынуды өтей алатынын, тапшылыққа байланысты электр қуатының үзілуі болмайтынына сендірді.

Желтоқсанның 14-і күні Болат Ақшолақов Қазақстанда барлық жылу электр стансалары мен жылу желілеріне аудит 2023 жылдың басында аяқталатынын айтты.

30 желтоқсан 2022, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.