Атырау, 3 қазан 07:47
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Пеленің қазасы: Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

1 123 просмотра

Президент әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді.

Сондай-ақ, ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.

30 желтоқсан 2022, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.