Атырау, 22 желтоқсан 00:49
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астанада Қайрат Боранбаевтың соты басталды

1 449 рет қаралды

Астанада Сарыарқа ауданының 2 соты Қайрат Боранбаевтың ісін қарауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа, сондай-ақ, "Qazaq Gaz" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтаған болатын.

Олар сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлап, қылмыстық кірістерді заңдастырды деген күдікке ілінді.

23 желтоқсанда Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберген.

"Qazaq Gaz" компаниясына келген шығын толығымен өтелді. Ақша ұлттық компанияның шоттарына аударылды. Айыпталушылардың 38 миллиард теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлкіне, 3 көлігіне бұғат қойылды.

Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатқанын да хабарлады.

30 желтоқсан 2022, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.