Атырау, 5 қазан 12:08
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Көктем-2013»: Әскерге шақыру науқаны басталды

7 287 просмотра
АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Елімізде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Биылғы көктемде Қарулы Күштерге, сондай-ақ өзге де әскерлер мен әскери құрылымдарға 15 мың адамды шақыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Шақыру әскерлерді аумақтық және аумақтан тыс жасақтау принципі бойынша жүзеге асады. Бұл дегеніміз, әскерге шақырылған жас сарбаз туған үйіне жақын жерде де және Қазақстанның басқа өңірінде де қызмет ете алады деген сөз.  

Мерзімді әскери қызметке бірінші кезекте кейінге қалдыру құқығы жойылған немесе осыған дейін басқадай себептермен шақырылмай қалған ер азаматтар, сондай-ақ ҚР ҚМ әскери-техникалық мектептерінің түлектері шақырылатын болады. Сонымен қатар, жоғары арнаулы білімі бар азаматтар да шақырылуға жатады.

Шақырылушылардың жеке істерімен танысу барысында комиссия өкілдері олардың білімдеріне, мамандықтарына, отбасылық жағдайларына, дене және әскери дайындықтарына, моральдық-іскерлік сапасына барынша мән беретін болады.

Жас жігіттерді әскери қызметке іріктеу кезінде шақырылушыларды психологиялық тестілеуге айрықша маңыз беріледі. Арнайы тестілеудің нәтижелері шақырылушының психологиялық жағдайын шақыру пунктіне тіркелген күннен запасқа шығарылғанға дейін бақылауға толық мүмкіндік береді.

«Әскери қызмет және әскерилердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді қызметтің мерзімі бір жылды құрайды. Олар тегін киім-кешекпен, азық-түлікпен және медициналық қамтамасыз етіледі.

Шақыру науқаны 2013 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Дереккөз: inform.kz

1 сәуір 2013, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.