Атырау, 22 желтоқсан 00:50
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Үкіметте бірқатар кадрлық өзгеріс болады

1 410 рет қаралды

Сенат отырысында Президент «биылғы қиындықтың бәрін еңсердік» деді, деп хабарлайды 24.kz.

 Сосын үш жарым жыл бұрын басталған саяси өзгерістер тың қарқынмен жалғасқанын атап өтті. Реформаның ауқымы кеңейді. Өзгерістерді жалпыұлттық диалог арқылы жүзеге асыруға басымдық беріледі. Бұдан бөлек Президент үкімет "шешімді баяу қабылдап жатыр" деп сынын айтты. Енді жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгеріс жасалмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша Үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзету үшін әрекеттерін қолдануда, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер
жасамақшымын. Жалпы, Үкіметтің алдында тұрған мақсаттар өте ауқымды және өзекті. Біз экономиканы одан әрі дамытуға барынша күш салуымыз керек. 

Келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде 4 пайыз болуға тиіс. Ал ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет.

29 желтоқсан 2022, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.