Атырау, 23 қараша 12:46
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алтынай Байтоқанова қайтыс болды

11 462 просмотра

Әлемнің ең үздік сиқыршыларының алғашқы ондығына кіретін Алтынай Байтоқанова ауыр науқастан айыға алмай бүгін түнде Алматының 12-ші қалалық ауруханасында көз жұмды.

Алтынай Байтоқанова ауыр науқасқа былтыр шалдықты. Өмірінің соңғы айларын аурухананың жан сақтау бөлімінде өткізді. Марқұмның артында студент ұлы қалды.

Алтынай Байтоқанова ҚазҰУ-нің журналистика факультетін бітірген. Кейін ол сиқыршлық өнермен шұғылданып, үлкен жетістіктерге жетті. Оның өнерін Швейцария,  Грекия, Италия, Польша, Түркия, Қытай және өзге де көптеген елдерде көрермендер ықыласпен тамашалады. Қытайда өткен сиқыршылардың Халықаралық фестивалінде Алтынай Бас жүлдені жеңіп алды. Ол көрсеткен көріністер шын мәнінде нағыз сиқырға толы болатын. Ол сахнадағы 7 минут ішінде 14 көйлек ауыстырып үлгеретін.

Алтынай Байтоқанова журналистикадан да қол үзген жоқ. Ол соңғы жылдары «Өмір-өзен» телебағдарламасын жүргізді. Газет-журналдарға да мақалалар жазып тұратын.

Дереккөз: serke.org

1 сәуір 2013, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.