Атырау, 23 қараша 12:46
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚР-да кейбір әуе компаниялары қайта сертификаттаудан кейін жабылады

2 096 просмотра

АСТАНА,  1 сәу –Қазақстан жаңалықтары АА. 2013 жылы жүргізілетін Қазақстанның авиакомпанияларын қайта сертификаттау нәтижесінде кейбір авиакомпаниялар қызметтерін тоқтатуы мүмкін деп мәлімдеді Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев дүйсенбіде парламент мәжілісінде үкімет сағатында.

"2013 жылы  ИКАО стандарттарына сәйкес және осы ұйым өкілдерінің  қатысуымен авиакомпанияларды және әуе кемелерін қайта сертификаттау жүргізіледі. ИКАО болжамдары бойынша қайта серттификаттау нәтижесінде  кейбір авиакомпаниялар қызметтерін тоқтатуы мүмкін ",- деді  Жұмағалиев.

Оның айтуынша, аталмыш жұмыс "ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және  «қара тізімнен» қазақстандық авиацияның шығуына ықпалын тигізеді".

Дереккөз: newskaz.kz

1 сәуір 2013, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.