Атырау, 26 желтоқсан 15:58
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Су арнасы вакуумдық соғыс жариялайды

2 775 просмотра

2013 жыл бойына «Атырау су арнасы» КМК Атырау қаласының тұрғындарына 154 млн теңгені қайтаруға міндетті. Бұл сома 2010 жылы «Инвестицияға айырбас тарифі» бағдарламасы бойынша су тарифін көтеру аясында жиналған болатын. Ал бұл ақшалар мақсаты бойынша пайдаланылған жоқ («АЖ», №12, 28.03.12 ж., «Тарифті көтерудің қажеті қанша?» жарияланымын қараңыз).

27 наурызда кеңседе «Атырау су арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ (суретте) журналистердің сұрақтарына жауап берді. 2010 жылы қала тұрғындарынан кәсіпорынды жаңғыртуға жинаған жүз миллионнан астам теңгенің қайда кеткендігі туралы «АЖ» тілшісінің сұрағына бас су қызметкері: «Білмеймін, бұл мен осы орынға тағайындалғанға дейін болған жайт», деп жауап берді.

А.Ташлыков қалалық су құбыры желілерінде рұқсат етілмеген ойымдардың және су ұрлаудың көбеюі мүмкін екендігін айтып өтті. Сондықтан қалада тұтынушылардың мекен-жайы бойынша су құбырының тарамдары мен түсірмелі шүмектерді түгендеу жоспарланыпты. Өткен жылы осындай 249 су ұрлау фактілері анықталған. «Бақылаушыларды бақылау» қызметі құрылып, алақол тұтынушылармен «ортақ тіл тапқан» абоненттік қызмет көрсетушілер анықталды. Осындай әрекет  үстінде ұсталған бақылаушылар су арнасына тигізілген зиянды өтеп, содан кейін жұмыстан шығарылған.

- «АСА» септиктері бар коттедж қожайындарынан абоненттік төлемдер алу тәжірибесін жалғастырады. Сумен қамту және су бұру қызметтерін ұсыну ережелеріне сәйкес, тұтынылған су көлемі кәріз көлеміне тең болады. Сондықтан септиктен лас суларды сору үшін вакуум жалдарда тұрғындар кәсіпорынның – машина қожайынының «АСА»-мен келісімшарты бар-жоғына көз жеткізуі тиіс. Бүгінгі күні мұндай келісімшарттар «West-Dala» ЖШС мен «Арнаулы автобаза» КМК-де ғана бар. «АСА» КМК-ның септиктерді сору қызметін ұсынуға құқығы жоқ. Дегенмен де, «АСА» сорғы стансасының көмегімен ағынды суларды буландыру аймағына тасымалдау шығындарын көтереді. Сондықтан жеке ваккуммен қызмет көрсетушілердің қызметін пайдаланатын үй қожайындары септикті пайдалану ақысын төлеуі тиіс, - деп мәлімдеді А. Ташлыков.

- Су тасқыны маусымында химиялық реагенттер мен электр энергиясына көп шығынданамыз. Атырау – суды тек Жайық өзенінен ғана алатын бірден-бір аймақ. Қазақстанның басқа қалаларында суды ішінара немесе толықтай ұңғымадан алады. Өткен жылы тасқын күшейген кезде Жайық суының лайлығы бір литрге 820 миллиграммға дейін жетті. Яғни, бір литр суда 820 грамм құм бар еді. Бұл суды қалыпты жағдайға дейін жеткізу керек болды. Бірінші учаскедегі су тазарту құрылғысының бір өзі ай сайын 34 млн теңгенің электр энергиясын тұтынады. Өткен жылы бір текше метрдің өзіндік құны бізде 75 теңге құрағанын есептеп шығардық. Егер бюджеттен көмектеспегенде, су арнасы қызметін жалғастыра алмаған болар еді...

А.Ташлыковтың айтуынша, қалада №1 және №2 сүзгілеу стансасын қайта жарақтауды тоқтату жоспарына байланысты судың тапшылығы орын алмайды:

- 2008-2010 жылдары №3 сүзгілеу стансасын қайта жарақтау үшін тоқтату салдарынан туындаған жағдайлар қайталанбайды. Қалалық әкімдік Береке поселкесіндегі №5 жаңа сүзгілеу стансасы іске қосылмайынша, қайта жарақтауға кіріспеу туралы шешім қабылдады. Қазір ол жерде жабдықтарды жетілдірумен «Казводоканалналадка» институтының мамандары айналысуда. Жаңа су тазарту стансасының тұрбалары қалалық су құбыры жүйесіне қосылды және тексеруден өтті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды

1 сәуір 2013, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.