Атырау, 23 қараша 12:47
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Геннадий Головкин қарсыласы Нобухиро Ишидуді үшінші раундта жеңді

2 832 просмотра

Бүгін WBA және IBO-ның орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кезекті кездесуін жапондық спортшы Нобухиро Ишидаға қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

Г. Головкин Монте-Карло қаласындағы осы жекпе-жегінде Н. Ишиданы 3-ші раундта нокаутқа жіберіп, өзіне тиесілі титулды қорғап қалды. Қазақстандық боксшыны жеңісімен құттықтап, марапаттау рәсіміне Монако Князі ІІ Альбер қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде 30-ға толатын қарағандылық боксшы кәсіби рингтегі додаларының барлығын жеңіспен аяқтады. Головкиннің кәсіби рингтегі өнері көз қуантады: осымен отандасымыз 26 кездесуде 26 рет жеңіске жетті. Соның 23-інде қазақстандық боксшы қарсыластарын нокаутқа жіберіп аяқтады.

Ишида әуесқойлар алаңында 116 рет шығып, 101 рет жеңіске жетті. Оның 50-ін нокаутпен аяқтады. 2009 жылдың 30 тамызында қайталау жекпе-жекке Авенданомен шығып, WBA нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы титулын жеңіп алған болатын. Ал 2010 жылы екінші рет титулды қорғауда Ригоберто Альвареске жол берді.

Кеше Монакода кездесу алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті. Боксшының екеуі де орта салмақ дәрежесіне (160 фунт; 72,58 келі) сай болды. Головкин таразыда 159,3 фунтты (72,26 келіні), Ишида - 158,5 фунтты (71,9 келіні) көрсетті.

Еске салайық, Головкин өзінің бұған дейінгі тартысын 19 қаңтар күні Madison Square Garden (Нью-Йорк, АҚШ) алаңында өткізді. Ол америкалық Габриэль Росадоны жетінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, өзіне тиесілі титулды қорғап қалды.
Дереккөз: bnews.kz


 

31 наурыз 2013, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.