Атырау, 26 желтоқсан 19:59
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бас прокуратура: Полицейлер қылмысты ойдан шығарады

2 895 просмотра
АСТАНА. 29  наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы полиция қызметкерлерінің қылмысты ойдан шығаруларына қатысты фактілерді анықтады.

Бұл туралы бүгін Астанада ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде Бас прокурордың орынбасары Нұрмұханбет Исаев мәлім етті.

«Егер бір жағдайда полиция қызметкерлері қылмысты жасырып қалған болса, екінші бір жағдайда керісінше, олар қылмысты ойдан шығарады. Бұлар мүлдем болмаған қылмыстар, жалған қосымша эпизодтар мен жеке айыптауларға қатысты істі заңсыз өндіріске алуларды құрап отыр», - дейді Н.Исаев.

Оның айтуынша, тек бір ғана Алматы қалалық прокуратурасының өзі о дүниелік болып кеткендерге, шетелдерде жүргендерге қатысты орын алмаған қылмыстарды есепке алудың 50-ден астам фактісін анықтаған.

«Былтырғы жылы Әуезов ауданының жедел уәкілі тараптардың мәмілеге келуіне орай ұрлыққа қатысты қылмыстық істі қозғаудан бас тартқан, ал соған қатысы бар делінген азамат ондай қылмысты жасаудан төрт ай бұрын қайтыс болып кеткен екен. Мұндай мысалдар да жеткілікті», - дейді Н. Исаев.

Дереккөз: inform.kz

 

29 наурыз 2013, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.