"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет25 наурыз бен 25 мамыр аралығында Атырауда санитарлық тазалық жөніндегі дәстүрлі екі айлық өткізіледі. Қала 9 округке бөлініп, оның әрбіреуіне жауапты жетекші бекітілген.
30 наурызда жоспарланған төрт сенбіліктің алғашқысы өтті (тағы үшеуі 13 және 27 сәуірде және 11 мамырда өтеді). Қалалық әкімдіктегі кеңесте қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ:
- Өткен жылдың желтоқсанында облыстық мәслихат «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерін абаттандырудың және ұстаудың бірыңғай ережелерін» бекітті. Енді біз үшін бұл нормативтік құжат. Онда мекемелердің нысан төңірегіндегі 10 метр шамасындағы аумақты абаттандыруға және жинастыруға, сонымен қатар гүлзарлар, газондар және басқа да жасыл көшеттер отырғызуға жауапты болатындығы анық айтылған, - деді.
Шағын және орта бизнесті тек өз аумақтарындағы қоқысты тазалап қана қоймай, кеңсенің қасбетін ретке келтіруге, қоршауларды бояп, мүмкіндігінше кеңсенің айналасына гүлдер егіп, қоқыс жәшіктерін орнатуға міндеттейді. Округ бастықтары қалалық сәулет бөлімінің өкілдерімен бірге қаланы аралап, тиісті ұсыныстар береді.
Мектептерге ыстық тамақ беруді енгізуге байланысты, мектеп маңындағы алаңқайларда қоқыстар көбейіп кетті. Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау қызметкерлері осы проблеманы шешуге қамқорлық жасайтын мекемелерді тартуды ұсынады.
Коммуналдық қызметтер де назардан тыс қалмады.
– Жылыту маусымы аяқталды, демек, жылу жүйелері кәсіпорындары өз нысандарын жөндеу жұмыстарын бастайды деген сөз. Қоқысты шығаруға келісімшарт жасаңыздар, соңдарыңыздан жөндеу жұмыстарының қалдықтарын: ескі тұрбалар мен басқа да нәрселерді жинастырып жүріңіздер, – деп сөзін аяқтады Темірбек Мұсағалиев, жылу берушілерге қарап.
Зульфия ИСКАЛИЕВА