Атырау, 4 қазан 06:49
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Кипр президенті өз жалақысының төрттен бірін қысқартты

1 664 просмотра

Кипр президенті Никос Анастасиадис өз жалақысының төрттен бірін қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы оның көмекшісі Константинос Петридес мәлімдеді.  

«Президент өз жалақысының 25 пайызын қысқарту туралы бас есепшіге тапсырма берді»,-деді ол. Сондай-ақ, мемлекет басшысы және министрлер өздеріне тиесілі 13-інші жалақыдан да бас тарпақ ойда.
Мемлекет басшысы Анастасиадис банк есепшотындағы салымдарды алуда үлкен жауапкершілік танытқандары үшін халыққа алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Кипр билігі 2013 жылдың 16 наурызында тоқтатылған елдегі банк жүйесінің жұмыстарын қайта жаңғыртуды қолға алды. Қаржы кеңселерінің алдында кезекке тұрған адамдар саны сағат сайын көбейіп, банк қызметкерлері ішке тек 10 адамнан кіргізуге мәжбүр болды. Абырой болып шу шықпады. Адамдар сабырлық танытып, өз кезектерінің келгенін күтті.
Жақында Кипрдың Қаржы министрлігі клиенттерінің банктен ақша алып, шетелге асыруының алдын-алу мақсатында қаржы операцияларын уақытша тоқтатқан болатын. Сондай-ақ, жеке тұлғаларға елден 100 евродан астам ақша шығаруға тиым салған еді. Бүгінде мәселе әуежай қызметкерлерінің қатаң бақылауына алынып, елден асуға ниет білдіргендердің 100 евродан астам ақшасы тәркіленеді.

Дереккөз: bag.kz

29 наурыз 2013, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.