Атырау, 4 маусым 01:36
 дождьВ Атырау +18.7
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

«Арқанкергеннің» орнына жаңа бекет пайда болады

2 647 рет қаралды

«Арқанкерген» шекара бекетінің орнына жаңа бекет пайда болады. Бұл жөнінде шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында шекара әскерінің алдында тұрған міндетттерді айқындап берді. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ҰҚБ шекара қызметі біздің қызметтік-жауынкерлік қызметіміздің сапасын көтеру үшін тәжірибелік-ұйымдастыру шараларын өткізуде. «Арқанкергенге» қатысты айтар болсам, оның орнына жаңа бекет салынады, өйткені ол мемлекеттік шекараны күзету үшін қажет. Мерзімі жайында әлі де айтатын боламыз», – деді Жоламанов.

Генерал-лейтенанттың айтуынша, жаңа бекет «бұрынғы» Арқанкерген орналасқан аумақта салынады.  

Дереккөз: bnews.kz

29 наурыз 2013, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.