Атырау, 23 қараша 12:43
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақ тілін латиницаға көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия 1 қыркүйекте құрылады

2 092 просмотра

АСТАНА, 28 нау  - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақ  тілін латиницаға көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия 2013 жылғы қыркүйекте құрылады, деп хабарлады Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл.

«Үкіметтің бізге берген жауабы бойынша, мемлекеттік үлкен комиссия осы жылдың 1 қыркүйегінде құрылады. Соның құрамына ғалымдар, депутаттар болады деп көрсетілген. Ал әзірге ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде. Олар әлі мәселенің ауыр жағын қарап, мемлекеттік комиссияға өзекті сұрақтарды ұсынып отырады. Былайша айтқанда, жұмысшы топ жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады төменгі палата депутаты Алдан Смайыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латиницаға 2025 жылға қарай көшіруді тапсырды. 

Дереккөз: newskaz.kz

28 наурыз 2013, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.