Атыраудағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер басқармасы дәстүрге айналған «Мен жас әскермін» атты ашық есік акциясын өткізді.
Акция барысында300-ге жуық қалалық мектеп пен едж оқушылары күнделікті сарбаздар өмірімен танысып, (әскери қару-жарақ үлгілері, асхана, казарма) қолтық ұрысының элементтерін үйренді.
- Бұл кездесуден жастар үлкен әсер алып қайтты деп үміттенемін, - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер басқармасының тәрбие жұмыстары бөлімінің офицері Кенжеболат СМАҒҰЛОВ.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер басқармасы бастығының орынбасары Бақытжан ҚҰДАБАЕВ болашақ сарбаздарға әскери сала мамандарының артықшылықтарын былайша түсіндіреді:
- Әскери сала мамандарының зейнет жасы 45 болса, қарапайым азаматтардағы бұл ерекшелік – 63 жас. Оған тамақ, дәрігерлік көмек т.б. қоса беріңіз. Осындай мүмкіндіктер барда, біздің жігіттердің неге талпынбайтынына қайран қаламын.
Айтолқын ҚҰЛШАРОВА
Суретті түсірген автор