Атырау, 11 қазан 16:14
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

«Мен нашақор емеспін!»

3 197 просмотра

Р. есімді қала тұрғыны ешқашан да наркологиялық диспансердің есебінде тұрмаған. Ал өзінің «нашақор» екенін ол ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің 5546 әскери бөліміне келісімшарттық негізде әскери қызметке тұрғаннан кейін, алты күн өткенде -  2011 жылдың 23 қазанында бір білген.

Бүкіл жеке құрамның алдында оның нашақор екені жария етіліп, сол себептен оған әскер қатарында қызмет етуге лайық еместігі айтылған. Белгілі болғандай, әскери полиция оны 2003 жылдың 28 тамызында учаскелік инспектор полициясы нашақор ретінде ҚІІБ-нің арнайы есебіне қойғанын анықтаған. Мұның қандай негізде жасалғанын ол анықтай алмады.  

- Мен ешқашан есірткілік заттарды қолданған емеспін. Наркологиялық диспансердің есебінде тұрмаймын - мұны растайтын анықтамам бар, - деп әңгімесін жалғады Р. –Осыған байланысты мен қалалық ішкі істер басқармасының (2003 жылы бұл қалалық ішкі істер бөлімі болатын) іс-әрекетін заңсыз деп тану жөнінде Атырау қалалық сотына талап-арыз бергем. Онымен мені есепке тіркеген учаскелік полиция инспекторының кім екен екендігі анықталмай, менің талап-арызым қанағаттандырусыз қалды.

5546 әскери бөлімінің штаб бастығының аға көмекшісі Бекжан ЭРНАЗАРОВ Р.-дың бұл бөлімде жұмыс істегенін, кейін оның ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрғаны анықталған кезде жұмыстан шығарылғанын растап өтті. Ал ІІД бастығының орынбасары Нұрым ОРАЗБАЕВ біздің ресми сауалымызға орай өзінің берген жазбаша жауабында бүгінгі күнде Р.-дың ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрмайтындығын хабарлады.

Айнұр САПАРОВА

28 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.